Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдау қашан жарияланады?

25.08.2020, 11:10 987

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жариялайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

 – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, – деп мәлімдеді.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Отырыс 1 қыркүйекте сағат 11-де өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: