Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жауапты басшылар жалпы қоғамдық маңызы бар мәселелерге әрдайым сергек қарауы тиіс

15.04.2024, 18:25 200

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдің өзекті мәселелері талқыланған жедел мәжіліс өтті. Жиында санитарлық тазалық және көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарының атқарылуы, салынатын нысандардың құрылыс сапасы, әр сала бойынша түйткілді мәселелер қаралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы қалаға ыстық су жүйесін орнату, экотакси қызметін ұйымдастыру, автобус паркінің жұмысын үйлестіруде халықтың талап-тілегін ескеру, қоғамдық көліктердің жолаушыларға қалтқысыз қызмет көрсетуін күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды. Жауапты басшылар жалпы қоғамдық маңызы бар мәселелерге әрдайым сергек қарауы тиіс.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығындағы 153 көпқабатты тұрғын үйдің 70-і ыстық су қосуға дайын, тұрғындармен келісімшарт жасалуда. Бұл жұмыстарға 140 млн теңге бөлінген.

Қалада жолаушыларға арзан бағамен тасымал қызметін көрсету үшін 1 млрд теңгеге 100 экотакси алынуда. Электр қуатымен жүретін көліктер ортақ желі арқылы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жаңадан салынған «Қорқыт Ата» әуежайына кірерберіс жол салынуда. Ауласы абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Нұрлыбек Машбекұлы жол құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды ескертті.

Жауапты тұлғалар көтерілген мәселелер бойынша жағдайды баяндап, оларға тиісті тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: