Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас мемлекеттік қызметшілер алғашқы құрылтайда бас қосты

29.04.2022, 17:50 870

HALYQLINE.KZ

Қызылордада жас мемлекеттік қызметшілердің алғашқы құрылтайы өтті.

Құрылтай «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубының жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылып отыр. Аталған клуб 2012 жылы ашылып, 2012-2014 жылдары белсенді жұмыс істеген болатын. Мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру мақсатында биылдан бастап клуб өз жұмысын қайта жандандырды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырған құрылтайда аймақтағы ең белсенді жас мемлекеттік қызметшілер бас қосты.

Құрылтайға аймақтағы мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын жас мемлекеттік қызметкерлер арасындағы көшбасшылары, елдің тағдарына бейжай қарай алмайтын патриоттар, мемлекеттік қызметтің нағыз жанашырлары қатысты.

Іс-шараға «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубының құрылтайшысы Жандос Тұсмағамбетов модераторлық жасады. Көптен күткен құрылтай барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, Мемлекеттік басқару академиясы филиалының басшысы Мұрат Әйтімовтер тұшымды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында клубты 10 жыл бұрын басқарған сол уақыттағы жас мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол Айдын Қайруллаев естеліктерімен бөлісті.

Клубтың жаңа төрағасын таңдауда мемлекеттік органдардан келген делегаттардың таңдауы облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, белсенді жас мемлекеттік қызметші Мади Бекмағамбетовке түсті. Көпшіліктің таңдауына ие болған Мади Бекмағамбетов сөз сөйлеп, клубтың жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметші Бақытбек Шайкамалов пен облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш клубтың дамуына жаңа идеялар қосып, іске асыруда белсенділік танытуға шақырды.

Көшбасшылар бас қосқан құрылтайда жас мемлекеттік қызметшілер арасынан ұсыныстар жинақталып, алдағы жоспарларына ортаға салып талқылады. Алдағы уақытта көш басында жүрген жас мемлекеттік қызметкерлердің көркем әрекеттерінің куәсі болатынына сенімдіміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: