Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық мереке елдіктің биік байрағын желбіретеді

18.10.2022, 15:45 313

HALYQLINE.KZ Ұлытау төріндегі Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күні мәртебесін қайтаруды ұсынды. Елдіктің еңселі рухы, бірліктің биік байрағы бар елде егемендік мерекесін Ұлттық мереке ретінде атап өтудің маңызы айрықша. Сыр елінде Ұлттық мереке аясында өтетін іс-шаралармен халықты ақпараттандыру мақсатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді.

– Облыс көлемінде Ұлттық мереке аясында 1000-ға жуық шара ұйымдастырылады. Бұл күні әрбір азамат мемлекеттің дамуы мен Қазақстанның қалыптасуына қосқан жеке үлесінің маңыздылығын сезінуі тиіс. Аймақтың басты мерекелік салтанатты шарасы 22 қазан күні Н.Бекежанов атындағы қазақ-музыкалық академиялық драма театрында өтеді. Ел игілігі жолында бірқатар әлеуметтік жаңа нысандар ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, келісім мен бірлікті насихаттайтын, мәдени-бұқаралық, қайырымдылық, экологиялық бағыттағы іс-шаралар да мерекенің маңызын айшықтай түспек, – деді Н.Аманұлы.

Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналмақ. Жалпы, мерекелік іс-шаралар азаматтардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыруға, тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етуге тиіс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: