Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

12.08.2022, 12:45 231

HALYQLINE.KZ Қала әкімі Асылбек Шаменов Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай шаһардағы құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

Асылбек Өмірбекұлы құрыш қолды құрылысшыларды құттықтап, аймақтың осы салада жеткен жетістіктеріне мереке иелерінің үлесі зор екендігін жеткізді.

«Құрылысшының жұмысы – ғасырлар бойы сақталатын мұра. Сондықтан, құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық. Қызылордалықтарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, инженерлік, өндірістік және көлік инфрақұрылымын салу жөніндегі мемлекеттік міндеттердің сәтті шешімі құрылысшылардың біліктілігі мен шеберлігіне байланысты. Сұлу шаһардың айбынын арттырып, сымбатына сән қосып, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда құрылысшылардың орасан зор үлесі бар. Құрылысшылар күні мерекесі қарсаңында барша Сыр құрылысшылары мен ардагерлерін құттықтай отырып, туған жерімізді көркейтіп-көріктендірудегі игі істеріміз әрдайым жемісті, нәтижелі болсын деп тілеймін», – деді қала әкімі.

Бүгінгі қабылдауда саланың қарқынды дамуына үлесін қосып жүрген бірқатар құрылыс компаниясының қызметкерлері құрмет грамоталарымен, облыс және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Жиын соңында сала ардагерлері құрылыс саласына мемлекеттен жасалып жатқан қолдаудың артқанын айтып, нәтижесінде қалада құрылыс ауқымының кеңейгендігін сөз етті.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында назардан тыс қалдырмай құрмет көрсеткен шаһар басшысына алғыстарын жеткізіп, өңір дамуына өз тілектерін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: