Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қай ауданда қандай қылмыс көп жасалады?

14.09.2023, 10:40 436

Сандар сөйлесін

Елімізде заңға қайшы келетін түрлі құқықтық статистиканың өсімі тыйылмай тұр. Бұған әсер ететін фактордың түрі көп. Қылмыстық құқықбұзушылыққа  кісі өлтіру, зорлау, тонау, қарақшылық, бопсалау және т.б. әрекеттер кіреді. Биылғы жылды қоспағанда соңғы үш жыл ішінде  қылмыстық құқық бұзушылықтан 480 мыңға жуық сотқа дейінгі тергеу басталған. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары осы статистика бойынша көш бастап тұр. Енді өңірге оралайық.

Қызылорда облысында биылды қоспағанда соңғы үш жыл ішінде 7947 қылмыстық құқықбұзушылық болды деген ақпарат бар. Ол жалпы республикалық статистиканың 6 процентін құрайды. qamqor.gov.kz құқықтық статистика порталы осылай дейді. Аймақ бойынша ақпарат түсінікті, енді аудандар арасындағы ахуалды саралап көрейік.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша 1629 қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған. Төмендегі графикаға назар салыңыз.  

Төмендегі кестелерде биылғы жылды қоспағанда аудандар мен қала бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтың деректері көрсетілген. Бағаналар мен статистикалар qamqor.gov.kz құқықтық статистика порталының ақпраты негізінде жасалған.

Көрсетілген мәліметтер бойынша Сыр өңірі өзге облыстарға қарағанда әлдеқайда төмен цифрға ие. Дегенмен, аудандар арасындағы статистиканы салыстыратын болсақ, облыс орталығы мен Арал, Қазалы аудандарындағы қылмыс деңгейі көңіл көншітпейді. Ол ол ма, Қазалы ауданыдағы алаяқтық іс-әрекеттері биылғы жылды қоспағанда соңғы үш жылда  10-ға артқан. Ал Арал ауданындағы  кісі өлтіру деңгейі 1-ге артқан. Бұл аудандағы қарақшылық ісі бойынша да статистика осындай.

Жалпы, жыл басынан бері елімізде 98454 қылмыстық құқықбұзушылық фактілерінің сотқа дейінгі тергеуі басталған. Қылмыс тыйылмай тұрған жерде, ар, адамгершілік, ұят, тәуелсіздік ұғымдары «өмір сүрмейді». Елімізде зайырлы қоғам қалыптастырғымыз келсе, қағазбастылыққа емес, сапаға, нәтижеге жұмыс істеуді арттыруымыз керек. Бірден бәрі бола қоймас, бірақ нақты реформалар қабылданбай тұрғанда, мынадай мыңдаған қорқынышты статистикалардың саны азаяды деу қиын. Қолдан келері қордағы ақпаратты сараптап ұсыну ғана болып тұр. Мынадан кейін азаматтық институттың жұмысын өнімді етпесек, біз армандаған, Жолдауда айтылған мемлекетте өмір сүру ертегі секілді.

Ердәулет ҚАЛИ.

Коллажды жасаған автор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: