Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметкерлерге – жаңа жобалар

04.05.2022, 8:40 627

HALYQLINE.KZ

Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев брифинг берді. Онда 2022 жылдың 1-тоқсанындағы Департаментпен атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы айтылды.

– Биыл мемлекеттік қызметшілердің саны 3 343 бірлікті құрады. Оның ішінде 1 494-і нәзік жандылар болса, басшы лауазымындағы әйелдер 10,7 пайызды құрайды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін қызметшілердің 3076-сы – жоғарғы білімді жандар. Аймақтағы мемлекеттік қызметте 29 жасқа дейінгі 386 жас қызмет атқарады. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы арқылы түлектер түрлі салада жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің 3223-і – қазақ ұлтының өкілдері, 22-сі – өзге ұлт өкілдері. Оның ішінде орыс, ұйғыр, татар, корей ұлттары бар, – деді Ғалым Сұлтанұлы.

Сонымен қатар, есепті кезеңде 18 қызметші мемлекеттік қызметтен кеткен. Ал жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардан 6 адам өз өтінішіне сәйкес жұмыстан кетсе, теріс себептер бойынша 8 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған. Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге 447 адам тестілеуге қатысып, оның 29,7 пайызы шекті мәннен өткен.

– Биыл жергілікті атқарушы органдар бойынша 600 қызметшінің білімін жетілдіру жоспарланды. Қазіргі таңда қайта даярлаудан – 19, біліктілігін арттыру курстарынан 88 мемлекеттік қызметші өтті. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің 3 отырысы өткізіліп, онда 20 мәселе қаралды. Нәтижесінде, 13 тәртіптік іс бойынша шара қолданылды. Мемлекеттік қызметке жас мамандарды бейімдеуге бағытталған «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы қайта жанданатын болады. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметке тестілеуді онлайн түрде жүргізу көзделіп отыр, – дейді департамент басшысы.

   Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 75 бос лауазымға орналасуға конкурс өткізіліп, 181 үміткер қатысты. Нәтижесінде 50 адам бос лауазымдарға қабылданған. Брифингте айтылған Ғалым Сұлтанұлының мәліметінше, есепті кезеңде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама бойынша 6 бақылау шарасы жүргізілген. Оның 2-еуі профилактикалық бақылау, 4-еуі жоспардан тыс тексеру болды. Қорытындысында 4 заңбұзушылық анықталып, тиісті түсіндірмелер жүргізіліп, тәртіпке шақырылған. Сонымен қатар, жыл басынан бері мемлекеттік қызмет саласындағы заңбұзушылықтарды жою және алдын алу мақсатында облыстағы мемлекеттік органдарда 9 тексеру жүргізіліп, оның ішінде 2 профилактикалық бақылау болса, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің өтініштері негізінде 7 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Одан 83 заңбұзушылық анықталып, мемлекеттік органга 2 ұсыныс жасалып және 6 азаматтың құқығы қалпына келтірілген. Осы тұрғыда мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру бағытында арнайы жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес бірқатар кешенді шаралар жүргізілуі тиіс. Сонымен қоса жақында жас мемлекеттік қызметшілердің деңгейін көтеру мақсатында «Үздік жас мемлекеттік қызметші» байқауы ұйымдастырылады.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: