Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көше әкім келсе ғана мұнтаздай таза…»

27.08.2022, 9:45 103

HALYQLINE.KZ

Шаһар басшының келесі аялдамасы «Ақмешіт» мөлтек ауданы болды. Мұнда да әкімге ұсынысы мен мұң-мұқтажын айтуға дүйім жұрт жиналыпты. Тұрғындардың айтуынша, кәріз жүйесінің кесірінен тыныс алу мүмкін емес. Сондай-ақ, көше тазалығы мүлде ескерілмейтін көрінеді. «Көше толған күл-қоқыс, тек әкім келеді деген соң, жаңа ғана тазалап кетті» дейді мөлтек ауданның тұрғыны. «Қала таза болуы үшін күнде аралап тұратын болдым ғой» деп Асылбек Шәменов әзіл-шыны аралас қағытпа ойын да айтты. Сонымен қатар, жауапты мамандарға бүй деді.

– Түсінемін. Бір мәселе шешімін тауып жатса, екіншісі шығады. Барлығын бір уақытта шешу қиын. Дегенмен, әрекет ету керек. Жұмыс тоқтап қалмау қажет. Әрқайсысын күн тәртібіндегі мәселе ретінде қарап, кезең-кезеңімен шешейік. Халықпен кездесуміздің де мақсаты осы, – деді қала әкімі.

«Шанхай» мен «Ақмешіт» мөлтек ауданының мәселесі ұқсас. Мұнда да спорт кешені, балалар ойын алаңы қажет. «Өткен жылы қаланың түкпір-түкпіріне салынып, біз қалып қойдық» дейді тұрғындар. Тағы мәселелер легіне ауызсу, аяқсу, жылу, кәріз жүйесі де кіреді. Қала әкімі Асылбек Шәменов «мәселелерді тыңдадым, қазір сіз айтқан өткір мәселені өзім қарап тексеріп, соны шешуге атсалысамыз» деп тұрғындардың көңілін көтерді. Бұған қоса, әкімдік қызметкерлері тұрғындардың ұсынысын қағаз бетіне түртіп алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: