Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі жақты меморандумға қол қойылды

19.03.2021, 11:00 309

HALYQLINE.KZ Кеше Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қаладағы бірқатар ірі сауда үйлері, сауда желілері, азық-түлік базарларының басшылары және бөлшек саудамен айныласатын кәсіпкерлермен тауар жеткізуші кәсіпорындармен ортақ меморандумға қол қойды.

Тараптар Қызылорда қаласының ішкі нарығында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпау және бағаны тұрақтандыру бойынша өзара әріптестікті меморандумға отырды.

Ұн, қант, сүт, ет, жуа, картоп секілді өнімдер халықтың күнбе-күн тұтынып отырған тағамдары. Сондықтан қала әкімдігі тарапынан аталған азық-түлік тауарларына әлеуметтік маңыз беріліп, жергілікті билік бағасын бақылаулды меморандум арқылы жүзеге асырмақ.

Бұдан бөлек қаладағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында күнделікті тиісті шаралар қабылданып, баға бойынша мониторинг үздіксіз жүргізіп келеді. Бүгінде қала аумағында халыққа арзандатылған бағада азық-түлік өнімдерін ұсынатын 30 әлеуметтік дүкендер мен 300-ден аса тауар түрінің бағасын көпке қолжетімді ететін «Әлеуметтік маркет» жұмыс істеуде. Сонымен бірге тұрғындарды нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ірі сауда орындарында әлеуметтік сөрелер орналастырылған. Әлеуметтік бұрыштар «Қызылорда», «Ажар Сити», «Мирас», «Анвар», «Аль-Асад» сауда үйлерінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. Алдағы уақытта басқа да сауда үйлерінде әлеуметтік бұрыштар ашу жаңа меморандум арқылы мүмкін болмақ.

Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыру мақсатында 20 наурыз күні қала орталығында өңіріміздегі барлық аудан және қалаға қарасты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: