Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басты мақсат – қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру

03.02.2021, 17:30 642

HALYQLINE.KZ  Облыста мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 3675. Бүгінде оның 165-і бос орын ретінде тіркеулі. Бұл туралы облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Рафхат Бисенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Мемлекеттік қызметшілердің 13,7%-ы – жастар, 45,4%-ы – әйел. Оның ішінде басшы лауазымдағы әйелдер саны 396-ға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артып отыр.

Биыл мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру бағытында ауқымды шаралар атқарылуда. Нақтырақ айтсақ, аймақта мемлекеттік қызметтен зейнетке шығатын азаматтарға құрмет көрсету мақсатында «Құрметке лайық» жобасы іске асырылды. Оның ішінен «Тәлімгер пулы» құрылмақ. Мұнда сала ардагерлері мемлекекттік қызметке жаңадан келген жас мамандарды қызметке бағдарлау, бағыттау жұмыстарын атқаратын болады. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы университетімен меморандумға отырып, нәтижесінде «Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебі ашылды. Әрі аталмыш университет базасында келесі оқу жылынан бастап, «Адам ресурстарын басқару» мамандығы енгізіліп, HR-мамандарын дайындау қолға алынатын болады, – деді Рафхат Төлеуғалиұлы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес, ақпан айынан бастап, тұрақты түрде мемлекеттік қызмет көрсетуші мекеме басшыларының ХҚКО-да тұрғындарға жеке қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: