Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан тұрғындарына қабылдау өткізді

16.10.2022, 21:30 271

Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында және аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов құқық қорғау органдарымен құқықбұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға облыс прокурорының орынбасары Бақытжан Мырзабаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті бастығының орынбасары Ер-саид Замишев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байкелді қатысты.

Басқосуда аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, көмек көрсетуді сұрады. Сондай-ақ, Әйтеке би мен Қазалы қаласының аралығында жаңа мектеп ғимаратын салу, Бозкөл ауылынан типтік жобада жаңа балабақша салу, тұрақты жұмыспен қамту және тұрғындардың жеке мәселелері бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды.Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов және аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан қабылдауда болған барлық тұрғындарға тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында облыс прокурорының орынбасары Бақытжан Мырзабаев пен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді құқықбұзушылыққа қатысты тұрғын тарапынан көтерілген жеке мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, құқықтық кеңес берді. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына қоғамдық қабылдауда айтылған өтініштерге сәйкес белгіленген заң аясында тиісті жұмыстар атқаруды тапсырылды.

Қоғамдық қабылдаудан кейін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралады.

Алдымен Қазалы қаласындағы 140 орындық балабақша құрылысы мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Қ.Пірімов ауылындағы №92 мектеп пен жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінің жұмысын көрді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: