Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсетіледі

04.03.2023, 10:45 341

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараға полиция, әлеуметтік қорғау, білім, қоғамдық даму салаларының өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар орталық жұмысымен танысып, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандарына көрсетілетін қызметтерді талқылап, салааралық байланысты нығайту бойынша алда атқарылатын шараларды пысықталды.

Айта кету керек, орталық қызметі Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып келеді.
Шара барысында орталық аналар мен аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: