Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылы құшаққа зар болатын жылусыз заман

19.06.2023, 10:50 151

Түтіп жеп, тұс-тұсынан талауға әзір,

Арамда алаяқта араңда жүр.

Алланың өзі қорғап, қолдамаса,

Адамды аямайды адам қазір.

 Соңғы кездері оқушылар арасында, жалпы мына өмірде әлім-жеттік, ұрып-соғу  белең алып бара жатқаны алаңдатады. Үлкен өмірге әлі аяқ баспаған жасөспірімдердің осылай қатыгез болуына не себеп?

Қызық, неге жалған өмірмен сонша әбігер екенбіз? Өлгеннен кейінгі мәңгілік өмірді ойласам, ол жаққа «не істеп  жатырмын мен?» деген сұрақ мазалайды.  Амал кітабым мағынасыз әрекет пен бос сөзге толы, тек арасында «игі» істердің жүзі жылтырайтын шығар.

Ойлаңызшы, біз көбіне көз жүгіртпейтін терезе алдындағы ұсақ келген уыс шаң жеңіл болған соң жақтауда жата ма, әлде шарасыз болғаннан соң ба? Күніне жүз мәрте сүртсең де, қайта пайда болатын бұл құбылыс неге соншалықты өзгерек. Кейде күңіреніп, көпке көз тастамай, мазасыз күй кешкен кездерімде өзімді сол жақтауда жатқан шаңдай сезінемін.

 Мен күн сайын күйбең тіршілікті индивид болғанан соң сүріп жатырмын ба, әлде сол шаңдай шарасыз болған соң ба?

Қалай болса да мендегі бұл құбылыс осы уыс шаңның тірлігіндей өзгерек құбылыс болғаны да… Бірақ адам дәл осы елеусіз тозаң сияқты іс-түссіз құрып кету үшін дүниеге келмейді. Адам жер бетінде, басқа адамдардың ақыл ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады. Өмірі мінсіз ешкім жоқ. Бәріміз қамқорлыққа, мейірімге мұқтажбыз. Алайда бір-бірінен кемшілік іздеген мына заманда, бұл екеуін кездестіру қиынырақ. Кейбір адамдар жақсының сүрінгенін көріп, қуанып, елге жариялауға дайын тұрады. Ол – надандықтың, әлсіздіктің белгісі. Өзін дамытып, әрекет жасаудың орнына басқа адамдардың сүрінгенін сынап, өсектеп, төмендету арқылы өзін жоғарылатқанды жақсы көреді. Өмір жақсылықпен, жақсы адамдармен ғана сәулелі. Айналаңызға жақсылықпен, ізгілікті шашып жүрсеңіз жан дүниеңізде, өміріңізде берекелі болады. Өмірдің мәні-өмір сүруде. Әйтеуір түбінде бәріміз бір құзғынның құрбаны боламыз. Әрбір мұңайған жанарды шынайы шаттық алмастырып, әрбір сөнген жүрек нұрмен нұрланып, әрбір өңсіз түске бояу бітсін. Жылы сөз айт. Иесіне айт. Жақыныңа айт. Солар ғана. Қалғаны сен бар болсаң бар, сен жоқ болсаң олар да жоқ.

Айсұлу МАХСЕТОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 2-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: