Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу беру маусымы тұрақты өтуде

01.04.2024, 17:25 152

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында жылу беру маусымы жоспарға сәйкес тұрақты өтуде. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің «Жылу жүйелері» бөлімі басшысы Хасанғали Иманғалиев баяндады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

– Қызылордада күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8⁰ С және одан жоғары болған жағдайда қала әкімінің шешімімен жылу беру маусымы аяқталады. Биыл шамамен 10 немесе 15 сәуірге жоспарланып отыр, – деді бөлім басшысы Хасанғали Айғалиұлы.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 199,05 шақырымды құрайды. 2023 жылғы жылу маусымы барысында 11,9 шақырым жылу желісіне жоспарланған жөндеу жұмыстары толығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. Соның нәтижесінде, Қызылорда қаласының жылу желілердің тозу деңгейі 48%-дан 45,1%-ға азайды.

Ал, биыл жалпы ұзындығы 4,3 шақырым диаметрі 57-325 мм құрайтын кварталаралық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары, 6 жоба бойынша жалпы ұзындығы 9,5 шақырым қаланың жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: