Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналист – халық пен билікті байланыстыратын көпір

30.05.2022, 15:20 727

HALYQLINE.KZ Мамандық – ертеңгі болашағыңның баспалдағы, жүрек қалауы. Әр адамзат алған білімін халықтың игілігіне жұмсауды мақсат етуі тиіс! Кейбірі адамның ауруына шипа іздейтін дәрігер болғысы келсе, енді бірі шәкіртіне білмегенін үйрететін ұстаз болуды қалайды. Мамандық дегеніміз не? Ең бірінші ойымызға не келеді?

Менде өзгелер сынды армандай білдім, мақсат еттім. Мен әлемдік аренада ойып тұрып орын алатын, халықтың жадында өшпес із қалдырар журналист болуды қаладым. Көгілдір экранда болып жатқан бағдарламаларды қарап өзімді журналист ретінде сезіне білдім Ата-анам мені көріп мақтан ететіндей,он бір жылдық білімім халықтың алдында ақталатындай азамат  болуды мақсат еттім. Арманым жолында алғашқы қадамымды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен бастадым. Жасаған таңдауыма өкінген емеспін, өкінбеймін де.

Журналист – халық пен билікті байланыстыратын көпір. Мен де сол арқылы халықтың мұңын мінбердегілерге жеткізіп, шындықтың шыңына шыққым келеді. Бұл мамандық арқылы халықпен бірге тыныстап, елімізде болып жатқан жақсылықтың жаршысы болғым келеді.

 Журналистика – сенің әдеби тіліңді шыңдай түседі, сонымен қатар, ең бастысы тілдік сауаттылықты қажет етеді. Мен де бұл салаға қызыға отырып әртүрлі  әдеби кітаптармен қоса газетте берілетін әрқилы  тақырыптарды оқып, оларға талдау жасаумен айналыстым. Ұлы ақын Абай атамыз:

«Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,  еңбегің мен ақылың екі жақтап…» дегендей, еңбек етуден еш жалыққан емеспін, себебі, жетістігімнің жемісі еңбекте екеніне сенемін.

Публицист Н.Михаиловскийдің  бір дана сөзі бар: «Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады». Сондықтан, журналист – халықпен байланысын үзбейтін халықтың көзі, құлағы, һәм тілі.

Осыны оқып отырған жандарға мен өзіме кімді үлгі ететінім қызық болар.

Мен үлгі тұтатын журналист ол – Бейсен Құранбек. Ол кісі арқылы мен кішкентай жақсылықтың өзі көптеген жүректі жібітетінін түсіндім. Ол бағдарламаның әр шығарылымын жібермей көруші едім. Отбасымызбен ол кісіні мақтан ететінбіз, қалай болмасын әр адамның жүрегіне үміт отын ұялата білді. Сүрінгенге тұруға, армандарыңды орындауға сан түрлі жолдар бар екенін үйретті. Қазір ортамызда болмағанымен, әлі кезге дейін ол кісіні құрметтеп, жадымнан еш өшірген емеспін.

Мұхаммедшах КАЮП,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: