Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жоқ! – деп айтуды үйрен»

19.01.2023, 9:45 422

Жоқ!

Осы үш әріптен тұратын сөзді айтып біз көп нәрседен аулақ боламыз. Аулақ болуымыз да керек.  Өйткені, біз тәуелсіз елде өмір сүріп, суын ішіп, ауасын жұтып жатырмыз. Біз өте бақыттымыз және бақытты болуға лайықтымыз!

Әрине, бұл – менің жеке пікірім. Бәлкім мен бәзбіреулердің ойынша ештеңеден хабарсыз болып көрінермін. Сол бәзбіреулер нашақорлар, есірткіге әуестенгендер және «ЖОҚ» деп өзіндік пікірін айта алмайтындар деп білемін.  Мейлі, олар солай ойласын, бірақ  мен өз ойымнан, өз түсінігімнен танбақ емеспін!

«Жоқ» деп айта отырып, бүгінгі таңдағы жас өрендіеріміздің уытқұмарлықтарының өршуіне тоқтау салуға өз үлесімді қосуды жөн көрдім.

Біз өмір сүріп жатқан заманда есірткі, шылым, электронды шылым сияқты жаман әдеттерге жақын жеткіншектер аз емес. Сол біздің болашағымыз  –  Қазақстан елінің болашағы, еліміздің  намысын қорғар ер-азаматтары екенін жете түсініп, дәл мендей жаны ашыса деп ой түйдім. Сонда біз бірігіп, теріс қылықтың барлығына «ЖОҚ» деп жауап бере алар едік.  Жас ұрпақтарды есің болса, есірткіге жоламаңдар деп үндеу тастап, жарқын болашаққа есік ашар едім. Әр бала келешек ұлтымыздың лаулап жанар шырағы емес пе, болашағынан зор үміт күткен ата-аналарымызды неге ойламасқа?! Әрқашанда, ата-аналарымыздың үміттерін ақтайтын, жаман қылықтарымызды оларға көрсетпейтін, үнемі жақсылығымен қуантып жүретін перзент болуға шақырамын! Менің айналамдағы, сыныбымдағы, ортамдағы достарыма көңілім әбден толады. Өйткені, олар еш жаман қылыққа әуес емес, керісінше спортпен шұғылданамыз. Сенде «Жоқ! – деп айтуды үйрен» деп достарыма үндеу жариялаймын! Деіміздің саулығын ойласақ, спортпен, жаттығу жасаумен айналысайық!.

Білім ошағында да үнемі тәлім-тәрбие беріп келе жатқан ұстаздарымыздың, ата-аналармыздың сенімінен шығар жолды бірге іздейік!

Алина АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,

Қармақшы ауданы,

Төретам кенті №85 мектептің

6 «Б» сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: