Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жоқ!» деп айтуды үйрен

12.01.2023, 11:35 340

Қазір қауіп көп. Пәк жүректі балақайлардың алақайлап жүретін шағында ызалы жер баспауы үшін ұстаздарының ақылына құлақ асқаны жөн. Мен де сөйтемін. Себебі, жалған ақпараттар мен бөгде адамдардың ақылы жолдан адастырып, зиянды әдеттерге жетелеп кетуі мүмкін. Сол үшін «жаман болады» деген сөздің салмаған саралаған абзал, жас достар. Сол «жаман» деп айдар таққан дүниенің ең қауіптісі осы есті алатын есірткі деген бәлекет.

Жастынып жабатыны жоқ, жоғары сынып оқушылары мен қаламыздағы студент жастардың түрлі темекілер мен электронды шылымды қолданып жүргенін көреміз. Кейбір оқушылар соларға еліктеп, түтінге құмарлығы оянады. Мен мұның дұрыс емес екенін айтып, есіркі дейтін үлкен зауалдың осындай кішкентай зиянды әдеттерден басталатынын қатаң ескертіп жүремін.

Адамзатқа әкелген көптеген мұң,

Есірткіні өмірден шектегенмін.

Айласы да көрінсе айнасынан,

Пайдасы да тиеді «жоқ» дегеннің, – деген өлең жолдарын жазып, өзімнің сыныбыма, бірге ойнайтын достарыма айтып, насихаттап отырамын. Иә, жас шыбық қалай қисайса солай өседі емес пе…

Нашақорлық пен уытқұмарлықтың қорлыққа әкелетінін газет беттерінен, теледидардан оқып, көріп, естіп қалып жүрміз. Қолмен ұстап, көзбен көрмесек те оның өте зиянды дүние екенін сезінеміз. Сол үшін біз танымайтын бөгде кісі бейтаныс нәрсе ұсынып, татып көруді ұсынып жатса міндетті түрде «Жоқ» деп айтамын. Сол кезде ғана өмір жолымыз ашық әрі жарқын болары сөзсіз.

Адамның саулығы – басты парыз. Төрт құбылаң тең, өмірің өрелі болу үшін қылмыс әлемінен алшақ болуға шақырамын.

Рамазан Қосанов,

№220 мектептің 8-сынып оқушысы

#есірткігеқарсы #противнаркотиков

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: