Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жоқ!» деп айтуды үйрен

11.01.2023, 15:30 130

Есірткісіз өмір – ғажайып! Біз жастар – еліміздің жарқын болашағымыз. Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда. Жарқын болашақ, мәңгілік ел үшін дені сау білімді, білікті, ақыл-есі дұрыс,алдына мақсат қойып, сол мақсатына жете білетін жас ұрпақ қажет.

Жабысатын сор боп,

Жаңыласың қор боп,

Есі түзу елде,

Есірткіге жол жоқ.

Тұсаулайды тор боп,

Езілесің бор боп,

Ертеңіңе сенсең,

Есірткіге жол жоқ.

Өзің қазған ор боп,

Көрінеді көр боп,

Адам болғың келсе,

Есірткіге жол жоқ!

Ет жүрегің тоң боп,

Жағаңды алар қол көп,

Анашыңды сүйсең,

Анашаға жол жоқ.

Қазақ менің атам,

Қазақ менің ботам,

Есірткісіз қоғам,

Ең бақытты Отан!

Жұлдызай Саматқызы,

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің

 8 «В» сынып оқушы

#есірткігеқарсы  #противнаркотиков

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: