Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолшылар семинарда бас қосты

23.02.2023, 14:00 270

HALYQLINE.KZ Бүгін Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында жол құрылысын дамыту бағытында республикалық семинар өтіп жатыр. Келелі жиынға жол саласына жауапты мемлекеттік құрылымдар, жол салушы мердігерлер, асфальт-бетон жабындысын шығаратын компания өкілдері қатысты.

Семинар екі блокқа бөлінген. Орталық сарапшысы Серік Жолдасбек жаңадан «КазРоадЛаб» бағдарламасын таныстырып, зертхана жұмысындағы жаңашылдықтармен бөлісті. Сондай-ақ, «ИнДорТех» компаниясының өкілі Г.Измаилова жолдың алғашқы қабаты топырақты нық қалыптастаруға пайдаланатын тыңнан шыққан «Acrosoil» қоспасы туралы баяндап, кеңінен түсіндірді.

Жалпы семинар аясында салаға қатысты жан-жақты ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жол саулшылар мен жол сапасын кадағалаушылар арасында тығыз байланыс орнап, алдағы уақытта семинарда таныстырылған жаңашылдықтарды өндіріске енгізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: