Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолға немқұрайды қарағандар жауапқа тартылу керек

28.07.2023, 11:35 117

  Аймақта бүгінде жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бірақ, мемлекеттің миллиондаған қаржысына салынып жатқан жолдардың сапасына қоғамда сын-пікір көп. Негізсіз емес әрине. Өйткені, кей мердігерлердің салғырт жұмысына техникалық қадағалаушылар көз жұма қарап, жолдың сапасы сын көтермей жатады. Мәселен, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалы мамандары 6 айдың қорытындысымен өз міндетіне немқұрайды қараған 3 техникалық қадағалаушыға заң аясында тәртіптік шара көруге ұсыныс берген.

– Өрескел ахауларға жол берген мамандардың лицензиясын уақытша тоқтатуды талап етіп, құзырлы мекемеге тиісті хат жолдадық. Алайда, екі техникалық қадағалаушының тәртіптік шарасы қараусыз қалып, тек бір маманға айыппұл салынды, – дейді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының зертхана меңгерушісі Мағжан Қасымхан.

Мағжан ҚАСЫМХАН,

«Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» РМК ҚОФ

зертхана меңгерушісі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: