Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол сапасы көңіліңізден шыға ма?

13.01.2023, 16:15 191

HALYQLINE.KZ Өткен жылы ұзындығы 368 км құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Сырдария және Жалағаш аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 91 шақырымды құрайтын «Қызылорда – Жалағаш» автомобиль жолы пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пакуатдин Шамұратов хабарлады.

– Мемлекет басшысы өз жолдауында автомобиль құрылысына, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беріп, 2025 жылға дейін облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 95 пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Осыған сәйкес, аймақта 1970-80 жылдары салынған көпір өткелдеріне қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жалпы бүгінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық көрсеткіші 82 пайызға жетті. Осы деңгейді одан әрі жоғарылату мақсатында аймақ басшысының тапсырмасымен республикалық бюджеттен қаржыландыруға 199 жоба ұсынылды. Бұдан бөлек, жыл көлемінде облысымызға 16,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту межеленуде, – деді басқарма басшысы П.Сражадинұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: