Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жетекші мамандар тәжірибесімен бөлісті

06.05.2024, 14:50 138

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарованың жұмыс сапары​ шеңберінде 4 мамыр күні Қызылорда халқына клиникалық-диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекші бейінді мамандарының бригадасы келді. ​

Олардың қатарында «Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның басшылық құрамындағы Төраға клиникалық жұмысы бойынша орынбасары, ҚР ДСМ- ның штататн тыс бас нәрестелер хирургы Ерекешов Асылжан Аубакирович, педиатрия бөлімінің басшысы Алтынбаева Гульмира Бекназаровна сынды жетекші республикалық мамандар Облыстық перинаталдық орталығына келді.

Жетекші мамандар неонаталды блоктың жұмысымен танысып, бөлімде қызмет атқаратын​ дәрігерлерге ​осы саладағы жаңа технологиялар мен ​әдістертуралы ақпараттар беріп, тәжірибелік ​ көмек көрсетті.​ Сонымен қатар мамандар мерзімінен ерте дүниеге келген бірнеше сәбидің клиникалық жағдайларын талқылап, кеңестер берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: