Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Желтоқсан қасіреті: 10 жыл сақталған кадрларды кім түсірген?

02.01.2022, 9:30 141

HALYQLINE.KZ Суреттегі кісі – “Қазақстан” ұлттық арнасында режиссер болған, Желтоқсандағы қырғынды бейнетаспаға түсіріп, оны органдардан 10 жыл тығып сақтаған Рубикжан Яхин.

1986 жылдың 17 желтоқсанында республикалық телевидениенің сол кездегі басшысы – Сағат Әшімбаев Рубикжан ағамызға телефон соғып, “алаңда не боп жатқанын көрдің бе?!.. соны түсіру керек, ертеңгі күні құнды тарихи материал болады” деп, тапсырма береді. Алаңдағы қырғынды түсіріп жатқанда, Рубикжан Яхинды комитеттің адамдары байқап ұстап әкетеді. ТВ-ға әкеліп, бүкіл түсірілген лентаны кадрларымен шығаруды тапсырады. Комитет қызметкерлері соны айтып, кабинеттен шығып кеткенде, Сағат Әшімбаевтың аманатын орындап, лентаның жартысын тез қырқып алып, қалтасына жасырып, салып алады. Қалған жартысын комитетчиктерге береді.

Онысын Сағат ағаға айтқанда, “тез маған әкеп бере ғой” – депті. Сол кезде ол кісінің өзіде қудалана бастап, лентаны Рабат Жәнібеков деген қызметкеріне аманаттайды. Ол кісі ауылды жерде тұратын түрік танысының есік алдына алдындағы топыраққа көміп тастаған…

Ол таспа сол көмілген күйі бес жыл жатыпты. Бес жылдан соң, Сағат Әшімбаевтың жұбайына табыстайды.

Шәрбану апамыз архивінде бес жыл сақтап, желтоқсанға байланысты деректі фильм түсіріп бастағанда шығарған екен… Біздің қазіргі көріп жүрген кадрларымыз – осындай жанкештішікпен сақтаған кадрлар…

Міне, нағыз ерлік пен биік адамдықтың, патриоттықтың үлгісі!.. Бағаланса, марапатталса, тәуелсіздікке осындай қатысы бар кісілерді тұлғалап құрметтеу керек.

Ер есімі – ел есінде!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: