Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеке мектептің оқушылары да тегін тамақпен қамтамасыз етілуі мүмкін

17.01.2023, 11:55 395

HALYQLINE.KZ Қызылордада жеке мектеп асханаларында тегін ыстық тамақ ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов БАҚ өкілдеріне берген брифингте мәлімдеді.

Жеке мектепте оқитын бастауыш сынып оқушылары да біздің балалар. Оларды ыстық тамақпен қамту және міндетті оқу орындарына көмекті тегін көрсету мәселелері министрлік жанынан құрылған қаржы орталығына ұсыныс берілді. Алдағы уақытта жеке мектепте білім алатын бастауыш сынып оқушылары да ыстық тамақпен қамтылуы мүмкін, – деді Бағдат Бердаулетов.

Оның айтуынша, міндетті оқу орындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешек, кеңсе тауарларын алып беру мәселесі де министрлік алдына қойылған.  

Биыл облыстағы білім саласына 257 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Өткен жылғы бюджетпен салыстырғанда 49 млрд теңгеге көбейіп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: