Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа аумақтарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

06.10.2022, 15:45 286

HALYQLINE.KZ Ел арасында «газ келді – жаз келді» деген сөз бар. Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Қазалы қаласындағы тұрғындарға жаңадан берілген 180 гектар аумақта болып, бірқатар сала басшыларымен бірге тез арада халыққа көгілдір отын беру жайын талқылады.

Нақты кезеңде жаңа тұрғын кварталында орналасқан тұрғын үйлерді табиғи газға қосу үшін жұмыстар жүргізілуде.

Мердігер мекеме орын алған ақаулықтары қайта қалпына келтіру, жоғарғы ауа қысымымен тексеріп сынау, үрлеп-тазалау жұмыстарын атқаруда. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына пайдаланудағы газ желісіне қосу үшін ұсынылатын болады.

Жаңа кварталда атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Қазалы аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы осы аумақтағы үйлерді табиғи отынға тез арада қосуды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағына барды.

Қазіргі таңда аудан орталығындағы бұрын инфрақұрылымы жүргізілген 210 гектар жер учаскесінен есепке алынбаған тұрғын үйлерді газбен және электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС келісімшартқа сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап, белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр.

Қазалыда «балалар жылы» аясында демеушіліктің есебінен бірнеше спорт алаңдары да салынуда. Сарбұлақ ауылында саябақ пен Әйтеке би кентінде спорт алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі Т.Айбергенов көшесіне барып, демеушілік жолымен салынған ойын алаңын көрді.

Мұхтар Әуесұлы балалар жылына орай кәсіпкерлердің көмегімен салынған ойын алаңын күтіп ұстау жөнінде Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа тапсырма берді.

Балалар жылына орай ауданда бұдан бөлек тағы да 3 спорт алаңының құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі – Әйтеке би кентінде болса, біреуі – Аранды ауылында бой көтеруде.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: