Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш кенті жаңара түседі

09.03.2023, 15:25 430

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш кенті көшелерінің тазалығын, жол жөндеу және жарық шамдарын орнату, көше келбетіне көрік беретін үйлер мен ғимараттардың қас бетін әрлеу, кентті толық аяқ сумен қамту үшін арықтарды тазарту, газ белгілерін дұрыс орнату және трансформаторлардың қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша бақылау жүргізіп, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жалағаш кентіндегі 5 көше күрделі жөндеуден өткізіледі.

Облыстық бюджет есебінен Дәуімбай елдімекені тұрғындарының көтеріп жүрген мәселесі темір жол арқылы жаяу жүргіншілер өтуге арналған аспалы көпір құрылысы басталатын болады.

Аудандық бюджеттен кент тұрғындарының ұсынысына сәйкес қосымша бірқатар көшелерге тас төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Кент көшелерін аралау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: