Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш ауданында Оқушылар үйі мен Өнер мектебі ашылды

21.10.2022, 12:00 786

HALYQLINE.KZ

Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында сырбойылықтарға айрықша тарту жасалды.

Бүгін Жалағаш ауданында 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі пайдалануға берілді.

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

«Бүгін есігін айқара ашқан Оқушылар үйі мен Өнер мектебі ел дамуына елеулі үлес қосар азаматтарды тәрбиелеп шығаратын киелі өнер ордасына айналады деп үміттенемін.

Балаларымыз жаңалыққа қуансын, ата-аналарымыз жақсылыққа жұбансын! Әр отбасына бақыт, жақсылық, амандық тілеймін», – деді аймақ басшысы.

Аумағы 29 мың шаршы метрді құрайтын ғимаратқа «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен 431,5 млн теңге қаржы жұмсалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: