Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жайымбетов сырдариялықтардың базынасын тыңдады

14.10.2022, 12:15 467

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында және аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов құқық қорғау органдарымен құқықбұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға облыстық прокурордың орынбасары Бахытжан Мырзабаев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Даурен Ибраев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары Сабыр Түменбаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бастығының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындардың жеке әлеуметтік мәселелерімен қоса Аманкелді ауылы бойынша «Жетікөл жарма» каналын тазарту, Шіркейлі, С.Сейфуллин ауылдық округтеріндегі жер мәселесі және Қалжан ахун ауылында мал ұрлығы, Айдарлы ауылынан қылмыстық іс бойынша жеке мәселелерін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов және аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, құқықтық кеңестер айтылды. Әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталып, тиісті жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы Тереңөзек кентіндегі №210 орта мектебінің жылу беру маусымына дайындық барысын және бу қазандығын газға қайта жабдықтау жұмыстарын, А.Алиакбаров көшесіндегі демеушілік есебінен жаңадан салынған спорт алаңы жұмысымен, сонымен қатар И.Тоқтыбаев көшесін орташа жөндеу және көшенің екі бетіне жаяу жүргіншілер жолын салу, темір бетонды латок орнату жұмыстарымен және Сырдария аудандық ауруханасын бу қазандығын газға қайта жабдықтау жұмыстарымен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары іссапар барысында қамтылған барлық нысандар бойынша жауапты мердігерлер мен тиісті сала басшыларына құрылыстарды уақытында аяқтап, сапасына жауапкершілікпен қарауды жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: