Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жай ғана қарапайым болайық!

16.06.2022, 9:00 378

Әрбір таңды махаббатқа толы жақсылықтармен бастайық.

… Бүгіннен ертең жақсы, ертеңнен арғы күні артық т.с.с жалғасады… Жасаған әрбір ісіміздің бәрі жақсы бола­ды  деп  есептейік.

… Жалпы адамдар заттарды өз деңгейімен ғана көреді. Ол деңгейі неғұрлым төмен болса, шағылысуы да соғұрлым көлеңкелі болады. Бірінші деңгей деп тек өз денеңде өмір сүруді айтады. Адам сені көргенде сенің денеңді ғана көреді, одан артықты көре алмайды.

Нәпсіге үйір болған адам тек бет-жүзіңе, дене бітіміңе көңіл бөледі. Ашкөз адам тек пайда іздеп тімтінеді. Өзіңе өзің қарап бақыла. Сенің ішкі күйің өзгерген сайын бәрі басқаша көрінеді.

Мысалы, таңның салқынында әлем әсем де нұрлы болып көрінеді. Өйткені ол терең ұйқыдан оянып, демал­ғандықтан  солай. Қанша жансыз болса да жат  тірліктің  дәмін  татты.

Адамдар да таңертеңгі мезгілде ақжарқын, ақкөңіл және жанашыр жұмсақ болады. Ал кешқұрым ашулы, немесе енжар, босаң болып өзгереді. Бұл – сенің қандай күйге түссең, сондай қалыпта болатыныңның белгісі.

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген жолдары болады.

Осылардың қайсыбірін күн сайын орында.

***

…Арман-Тілек, Өмірдегі Мақсат, Махаббат үшеуі адамды бай болдырады.

Ақша арқылы біз көптеген керемет нәрселер жасай аламыз. Ақша саған еркіндік ғана береді, әйтпесе ол өмірдегі барлық нәрсе емес. Ақша саған белгілі бір мөлшерде ғана еркіндік береді. Бірақ ол сенің өмірдегі маңызды мақсатың мен арман-тілегіңді алмастыра алмайды. Қаласаң, ақшаға көптеген таңғажайып дүние­лерді сатып алып, көп адамға көмектесе аласың. Көп ақша табудың, көп ақшалы болудың еш айыбы жоқ. Бірақ, егер ақша сенің өміріңнің мақсаты ғана болса, онда сен бос құндылықтарды қуып жүрсің. Өміріңді ақшаға бағындырма. Армандарыңның артынан жүрсең, ақша  өзі  саған  ереді.

Күнде  таңертең  сені төсектен тұрғызатын  әлдебір себеп үшін көп жұмыс істе. Дүниеге келудегі ұлы мақсатың үшін. Бірақ ақшадан гөрі, махаббат пен қарым-қаты­нас үшін, өзіңді-өзің жетілдіру үшін жұмыс істе. Егер сен өз армандарың мен мақсаттарың үшін бара жатсаң, сол үшін тоқтаусыз ұмтылатын боласың. Арман­дарың үшін күнделікті жұмыс істе. Өйткені бұл саған мән-мағына  береді.

Күн сайын өзіңізді жақсартқан сайын, жасаған барлық нәрселерің тек ақша үшін ғана болса бәрі бекер.

Егер сен ақшаның кесірінен махаббатың мен қарым-қатынасыңнан, армандарыңнан айырылар болсаң, ақша сенің өміріңнің қуанышын ешқашан алмастыра алмайды депті бір табысты кәсіпкер…

Бізді  бақытты  ететін  сол  себеп  үшін  күн сайын жұмыс  істейік.

Біз  істей  аламыз.

…Өмірде позитивті болу, ризашылық білдіру, күлу, сенім арту, жаңа нәрселерді білу, біреуді сүю … деген секілді еш себепсіз бақытты жасап алатын көптеген жолдары болады.

Осылардың қайсыбірін күн сайын орында.

(Жалғасы бар.)

Амантай   ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: