Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ж.Абдусаметов: «Анықталған науқас санынан қорқудың қажеті жоқ»

17.04.2020, 10:01 551

HALYQLINE.KZ –| Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 68 жағдай тіркелді деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz сайты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 44, Шымкент қаласы – 1, Түркістан облысы – 2, Қызылорда облысы – 9, Атырау облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 4, Павлодар облысы – 2, Қарағанды облысы – 3.

Қызылорда облысында жаңадан тіркелген жағдай бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ж.Абдусаметов брифинг барысында толығырақ мәлімдеді.

  • Қызылорда облысында 143 науқас тіркелді. Соңғы тәулікте 12 жағдай анықталды. Оның 3-еуі – Қызылорда қаласынан, 9-ы – Жаңақорған ауданынан. Олардың 11-і бұған дейін ауырған азаматтармен қарым-қатынаста болған, 1 жағдай Жезқазған қаласынан вахталық жұмыстан келген азаматтар анықталған. Барлығы да бақылауға алынды, жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде. Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 137, провизорлық стационарда 21, карантиндык стационарда 455 адам жатыр. Ем алып жатқан науқастардың жағдайы динамикада жақсарумен, емдерін жалғастыруда. Анықталған науқастардың санынан қорқудың қажеті жоқ. Ошақты, қарым-қатынаста болған адамдарды неғұрлым ерте анықтасақ, ем де соғұрлым жақсы болады. Облыс тұрғындарын ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда медицина қызметкерлеріне жүгінуді ескертемін, – деді облыстың бас дәрігері Ж.Абдусаметов.

Қазақстан бойынша барлығы 1470 жағдай тіркелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: