Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз аң аулаудың алдын алу – жануарлар дүниесін қорғау

10.05.2024, 16:40 296

Аң аулау – аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алуды жүзеге асыратын жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың түрі.

Аң аулау, Қазақстан Республикасы АШМ-нің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Аң аулау – кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) деп екіге бөлінеді.

Кәсіпшілік аң аулау – кәсіпкерлік қызмет мақсатында аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және олжалаған өнімдерді жеке пайдалану үшін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
Аң аулау қағидасының 2-тарау 9 тармағында: Аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады деп көрсетіліп, және жалпы аңшылық жасап болғаннан кейін қағиданың 16 тармағында: Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, аңшы аңшылық атыс қаруын оғы алынған күйге келтiріледi делінген.

Осыған қоса, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңының 5-тарау 32-бабы Аң аулау ұғымы және түрлерi аталып көрсетілген.

1. Аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.

Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi деп.

Жануарлар дүниесін қорғау Инспекцияның тікелей міндеті болғандықтан, бұл салада түрлі қиыншылықтар кездесетіні бізге мәлім. Аңшылық маусымы ашыла салысымен аңшы мылтығын арқаланып алып, аң аулауға жолдама парағын алғандарынан бөлек, заңсыз аң атып олжаға кенелгісі келетіндері де көптеп кездеседі.

Осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін жануарлар дүниесін қорғаумен қатар, біздермен облыс көлемінде елді мекендер мен ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер мен жиналыстарда жануарлар дериваттарын немесе бөліктерін заңсыз алу, иемдену, тасымалдау немесе жоюмен айналысу қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратындығы жөнінде хабарландырып, адам көп шоғырланатын жерлерге (Базарлар, вокзалдар, сауда орталықтар) үгіт-насихат парақшалары таратылып, баспасөз беттерінде мақалалар жариялануда.

Заң талаптарды кейбір құқықбұзушылар білмегендіктен жасадым деп ақталады. Алайда, заңды білмеген жауапкершіліктен босатылады деген сөз емес. Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ақбөкендерді бірлесіп қорғап, сақтап қалуға шақырады!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: