Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зорлық алыстан келмейді

13.04.2023, 12:00 423

Келіс, келіс пе, қазақ халқы ер адамды әйелден бірінші орынға қойған. Ер-азаматқа деген құрмет оның дүние есігін ашқан күннен басталады. Кезінде  жары қызды өмірге әкелсе, өкпелеп, ажырасқандар болғаны рас. Осындай қадамға барған ер-азаматтар анасы мен қарындасы қай жынысқа жататынын біле ме? Бұл – ақымақтықтың ең соңғы сатысы. Бұдан төмені жоқ та шығар. Дей тұрғанымен, еркектің мұндай қадамға баруы – қоғамның қателігі. Өйткені, қазақ қоғамы ер-азаматқа деген табынушылығын ешнәрсемен теңеу мүмкін емес. Біздің салт-дәстүр де қызды шеттетіп тұрғандай. Мәселен, профессор, қоғам белсендісі Молдияр Ергебеков бала кезде ердің мүшесіне табынушылық зорлық-зомбылыққа итермелейді деп санайды.

– Патриархалдық еркек­тік – еркек жынысын әйел жынысынан жоғары деп ба­ғалау. Гегемониялық және авторитарлық тұлғаменен тікелей қарым-қаты­насы бар еркектік түрі. Өкінішке қарай, әлемнің барлық қоғамы патриархалдық еркектік жүйесінің ішінде болады. Біздің қо­ғамда патриар­халдық еркектікпен туған сәтімізден бастап таны­самыз. Екі-үш жасқа келген  кезімізде  біз­дің еркек екенімізді көрген адамдар «әпшу берші», «насыбай берші» дейді. Бұл не? Менің ойымша, мұның мағынасы – пенисті ұлықтау, пениске табыну ритуалы. 6-7 жасқа келген кезде сүндет той деген болады. Ата-анамыз туған-туысын жинап, той жасайды. Сіз нағашыңыздың алып келген тайының үстіне мініп алып, жұрттан бағалы сыйлықтар аласыз. Дәл осындай той сіздің әпкеңіз бен қарындасыңыз үшін болмайды. Неге? Өйткені оның пенисі жоқ. Бізде салауатты емес, патриархалдық еркектікті қалыптастырады. Артынша бастауыш сыныпқа барғанда қыздардың шашын жұлып ойнаймыз. Жасөспірім шақта патриархал еркектік құлағымызға мынаны сыбырлайды. «Қыздың етегін ашып жібер, оған сенің құқығын бар». Есейген кезде бұл патологияға айналады. Әрбір ер-азамат зорлықшы болады. Зорлық жыныстық зорлықпен шектелмейді. Зорлық – күш көрсетушілік. Кім зорлық жасайды? Бала кезінде мүшесі ұлықтанған кезде оған бір уәде беріледі. Сен – еркексің, мына дүние­нің иесісің, бұл әлем сенің билігіңнің астында. Сол уәде ешқашан орын­далмайды. Өйткені логика­лық тұрғыдан қате. Ешкім саған бағынбайды. Сен Шыңғыс хан бол, бәрібір саған бағынбайтындар табылады. Сондықтан да еркек уәде орындалмағаны үшін өмірге өкпелі болып, зорлыққа  барады, – деді  ол.

Жөн сөз. Елімізде әйел адам өз орнын білсе, ер адам өз міндетін білсе, отбасында дау-жанжал мүлде болмайды деп санайды. Өз орнын білу ердің әйелден қорлық пен зорлық көруін көрсетпейді. Зорлықтың еш уақытта алыс­тан келмейтіні дәлелденген. Бірінің әкесі, кейбіреуінің  ағасы жәбір көрсетеді. Сондықтан қыз баласы қазанның бетін ашпайды. Себебі, қоғам зорлаушыны емес, зорлыққа ұшыраған адамды  кінәлайды. Молдияр Ергебеков гендерлік теңдіктің маңыздылығын ашық  көрсетті. Егер балалық шақтан қыз бен ердің мүмкіншілігін шектету болса, болашақта кімнің-кімнен қоршаған орта­да құқығы жоғары  екенін  көрсе­теді.

ҚҰЙЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: