Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүргізушілерге қысқы резеңкеге өту талабы түсіндірілуде

30.11.2022, 9:30 341

 HALYQLINE.KZ 1 желтоқсанда Қазақстанда заңнамаға сәйкес жазғы резеңкесі бар автокөліктерге жүруге тыйым салынады. Осыған байланысты патрульдік полицейлер жүргізушілерге заңнаманың сақталуы туралы ескертеді.

Суық мезгілде ауа райының өзгеруі жағдайында патрульдік қызметкерлер осы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарға басты назар аударуда.

–  Күшейтілген тәртіпте жұмыс істеген соңғы айдың өзінде патрульдік полиция қызметкерлері қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 815-нан астам жүргізушіні, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 305 жүргізушіні жауапқа тартты. Сондай-ақ, 440 жаяу жүргінші  жолды белгіленбеген жерлерде кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Қызылорда облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Құлмағамбетов Айбек.

   Аталған шаралардың барлығы жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталған.

                                                  Жүргізушілердің назарына!

📌Қазақстан Республикасының Жол жүрісі Қағидалары мен Кеден Одағының 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі» Техникалық регламентінде қыс мезгілінде желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында қысқы дөңгелектермен немесе тиекті шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады делінген.

📍Көлік құралдарына орнатылатын қыстық шиналар, ішінде қырау суреті бар үш шыңды тау түріндегі белгісі бар, сонымен қатар «М+S», «M&S», «M S» белгілерімен таңбалануы тиіс.

1 желтоқсаннан бастап, көрсетілген талаптарды бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» 5 бөлігіне сәйкес «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларына сай келмейтін көлік құралдарын басқару» 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынатындығын ескертеміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: