Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат тағы да жол ережесін бұзды

05.01.2024, 17:35 174


3 қаңтар күні сағат 22:00 шамасында қала көшелерін аралау уақытында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушы «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында көлік тізгендеген 29 жастағы азамат сот шешімімен 2022 жылдың тамыз айында мас күйде автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен автокөлік басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.

Алайда ол тағы да заңды бұзып, рульге отырды. Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады).

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қасанов Айдар Демегенұлы: «Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп, көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болады. Осы ретте, автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырғым келеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: