Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеке құрамның кәсіби қызметтік даярлығына жауапты маман

23.06.2022, 16:30 362

HALYQLINE.KZ ЗК-169/1 тергеу изоляторы қауіпсіздігі орташа мекеме. Мұнда күдіктілер, айыпталушылар мен тергеу қамауындағылар және бес жылға дейінгі бірінші рет бас бостандығынан айрылған сотталғандар қамауда ұсталынады.

Қылмыскер атанып, бұзық әрекетке барған қапастағылыр тарапынан кез келген уақытты төтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Сондықтанда, темір тордағылармен жұмыс істейтін жеке құрам қызметкерлерінің кәсіби қызметтік даярлығы әрдайым жоғары болуы керек.

Сол себепті де, ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы жеке құрамның кәсіби қызметттік даярлығы мен дене күшін жетілдіріп, жаттығып жүруіне тікелей жауап жауапты маман бекітілген. Ол – мекемесінің кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлық жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны Тұрымбетов Мейрамбек Ұзақбайұлы.

Бүгінгі таңдағы лауазымдық міндеті негізінде жеке құрамның кәсіби қызметтік даярлығына, олардың саптық дайындық тұрғысында үлгілі болып, атыс және дене шынықтыру даярлығы бойынша белгіленген нормативтерді орындай білуіне де жауапты. Тарқатып айтар болсақ,мекемесінің кәсіби қызметтік дайындық сабағының жоспарына сәйкес, атыс жаттығу іс-шарасын өткізіп тұрады.

– Оқу жаттығу жұмысының мақсаты – жеке құрамның атыс қаруын қолдану, калашников автоматымен (АК-74) нысанаға дәл тигізе білу шеберлігін шыңдау. Жаттығу алдында атудан нұсқаулық жүргіземін. Яғни, жаттығу барысында қаруды дұрыс қолданып, қауіпсіздік шараларын сақтау қатаң ескертіледі.
Ұрыс орнында жеке құрам, қарудан тұрып,тізерлеп, жатып,ату әдістері бойынша, атып жаттығады.

Тағы да бір атқаратын міндетіме, арнайы континент тарапынан қылмыстар мен өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттің уақтылы алдын алу, жолын кесу мақсатында іс-шараларды ұйымдастыру мен қызметкерлердің табельдік қаруды, арнайы құралдар мен дене күшін қолдану, пайдалану ережелерін білуі бойынша аптасына екі рет дене жаттығу жұмыстарын да жүргізу де жатады.

Сол дене жаттығуларының нәтежиесінде жеке құрам жігіттері арасынан спорт шеберлері мен чемпиондар шығуда. Олардың дені қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында өтілетін қоян-қолтық спорт түрі бойынша жарысқа қатысып, жүлделі орын алған.

Бұдан бөлек, қызметтік міндетімнің аясында, ведомствалық талапқа сәйкес, аусымдық мезгілдің орнауына орай, жеке құрамның жаздық және қыстық киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық жиын өткізуді ұйымдастырамын, – дейді кадр саясат тобының кәсіби қызметтік дайындық жөніндегі аға инспекторы,әділет капитаны М.Тұрымбетов.

Иә, ерте келіп, кеш кететін тергеу изоляторының темірдей қатаң тәртібіне сай жеке құрамды әрдайым жауынгерлік рухта ұстап жүру оңай емес. Еңбегі еленіп, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төс белгісімен марапатталды.

Бұдан бөлек бірнеше мақтау қағаздары да бар. Қай жағынан алсаңда мақтауға тұрарлық бұл азамат өзінің жеке бас үлгісімен, сабырлы, төзімді мінез-қүлқымен де, үлгілі қызметкер.

Жұмысына деген жауапкершілігімен антқа адалдығымен, ең бастысы ұстамдылығымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Мейрамбек Ұзақбайұлы – қызметінде ғана емес, отбасында да, қамқор әке, асыл жар. Өмірлік серігі Рауза екеуі төрт ұл тәрбиелеп отырған сүттей ұйыған өнегелі отбасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: