Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеке құрамға қандай тәрбие жұмыстары жүргізіледі?

30.03.2023, 18:50 205

HALYQLINE.KZ Қылмыстық атқару саласының №68 мемлекеттік мекемесінде жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуде кадр саясат тобы үздіксіз жұмыс атқарып келеді.

Яғни, тәрбие жұмысын жандандыру мен патриоттық тәрбие беруді, кіші және орта басшы құрамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды басты назарда ұстайды.

Ол үшін мекемеге қабылданған әр қызметкердің жүріс-тұрысы, киім киісі, сөз әдебінен бастап, қызметтік міндеттеріне деген жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігін шыңдау және тәртіп пен заңдылықты сақтап қызмет атқаруы үшін әртүрлі бағыттағы тәрбиелілік жұмыстар жүргізіледі.

ҚАЖ қызметкерінің тәртібі мінсіз болуы  қажет.  Әр жеке құрам мүшесі Әдеп кодексін,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы керек.

Осы мақсатта, Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті Өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандарының қатысуымен кездесулер ұйымдастырылып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтіліп тұрады.

– Бұдан бөлек жеке құрамның санасында және мінез-құлқында қоғамдық маңызды идеалдарды, патриотизм идеяларын, Отанға қызмет ету негіздерін, мемлекеттік мүдделерді және жоғары рухани қажеттіліктерді қалыптастыру мақсатында, ақпараттандыру сендіру, ағарту, оқытып-үйрету, насихаттау, нұсқау беру, сын айту, дискуссияға тарту әдістерін қолданамыз.

Осы орайда, жеке құрамның бойында біліктілікті арттыру үшін қайта даярлау курстарына жіберіп, семинарлар, әр саланың мамандарымен дөңгелек үстел, ардагерлермен кездесу ұйымдастырып, жеке қабілеттерін көрсетіп, өз-өзін дамыту үшін әртүрлі тақырыптағы мерекелік кештерге қатыстырып отырамыз.

Бүгін жеке құрамның жұмыстан тыс уақытын тиімді пайдалана отырып, жаңадан келген қызметкерлердің ұжыммен байланысын нығайту мақсатында мәдени тынығу ұйымдастырдық. Олар қаламыздың көрнекті жерлерін аралап, тарихи орындарға барып, ұлттық жәдігерлермен таныс болды.

Қиындығы басым ҚАЖ саласы жұмысындағы жеке құрам мүшелерінің мәдени ортада болуы олардың бойындағы моральдық-психологиялық деңгейін арттырып, рухани адамгершілік тәрбие алуына ықпалы көп . Сондай-ақ, бұндай демалыстар жас қызметкерлердің ұжымға бейімделуіне, сіңіп кетуіне игі ықпалын тигізеді- дейді, – кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты Ж.Даулетиярова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: