Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа нұсқаулық азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға бағытталған

30.01.2023, 11:10 333

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаптауға байланысты қылмыстарды тергеп-тексеруде жүйелі тәсілді енгізіп және осы функцияны Бас прокуратураға бекіту туралы тапсырма берді.

Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқада қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды.

Ата Заңымызда адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайтындығы нақ көрсетілген.

Бүгінгі күні Қазақстан азаптауларға нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады және бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.

Осыған сәйкес 05.11.2022 жылы №157-VII ҚР Заңына сәйкес  Қылмыстық-процестік кодексіне өзгерістер енгізіліп,  01.01.2023 жылдан бастап азаптау фактілері бойынша тергеп-тексеру Прокуратура органдарына жүктелді.

Осыған сәйкес Бас прокуратурамен «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жазаны орындау сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі» нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілді.

Нұсқаулық ҚР ІІМ, ҚМА және СЖҚІА-ның бірінші басшылығымен бекітіліп, 16.01.2023ж. бастап күшіне енген.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, азаптаулардан алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау мен уақытылы қалпына келтіру Нұсқаулықтың негізгі мақсаты болып табылады.

Бұдан кейін аумақтық құқық қорғау органының басшысы азаматтарды әкелу, жеткізу, ұстаудың заңдылығы мен негізділігіне, сонымен қатар оларды азаптауға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасқа жол бермеуге тікелей жауапты болады.

Алдағы уақытта азаматтарды қылмыстық қудалау органдарына жеткізу және ұстаудың барлық процесі бейнежазбаға жазатын техникалық құралдарды қолдана отырып, процестік мәжбүрлеу басталған уақыттан сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға өткізгенге дейін үздіксіз жазылады.

Қылмыстық іс шеңберінде азаматтарды ҚПК-нің 129-бабында көзделген тәртіппен құқық қорғау органдарына жеткізу адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар екенін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде ғана қолданылады.

Облыс прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті, Полиция департаменті және Экономикалық тергеу-тексеру департаменті басшылығының қатысуымен ведомствоаралық жедел мәжілісте Нұсқаулықты іске асыру бағытындағы іс-шаралар талқыланды.

Жедел мәжіліс барысында облыс прокурорымен қылмыстық қудалау органдары басшыларына қылмыстық қудалау органдары ғимараттарына толық бейнебақылау орнату және Нұсқаулықтың толық орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

Жаңа нұсқаулық тұтастай алғанда азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған.

                                     Қызылорда облыстық прокуратурасы 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: