Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаш, Шиелі аудандарында өткен жиындарға Қызылорда облысының бас полицейі қатысты

06.10.2022, 15:00 139

HALYQLINE.KZ 5 қазан күні Жалағаш, Шиелі аудандық полиция бөлімдерінің 2022 жылдың 9 айындағы аудандар көлемінде жалпы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдау үшін жиналыстар өтті.     

Жиналысқа Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев, оның орынбасары полиция полковнигі Амиржан Утегенов, аудан әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағалары, тиісті бөлім басшылары қатысты.

Аудан әкімдерінің төрағалығымен өткен жиналыстарда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары және учаскелік полиция инспекторларының  баяндамалары тыңдалды.

Жалағаш, Шиелі аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары аудандар көлемінде жалпы құқық бұзушылықтардың және мал ұрлығының алдын алу, оны болдырмау бағытында атқарылып жатқан шаралары туралы айтып өтсе, учаскелік полиция инспекторлары қадағалау аймағы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Сонымен қатар, аудан әкімдері аудандағы мал ұрлығы мәселесі және кадрлық  тұрақтылық бойынша, қызметкерлер  кемінде бір жерде 5 жыл қызмет атқарса деген халықтың  талап тілектерін жеткізді.

Өз кезегінде Департамент бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев аудандар көлемінде тіркелген қылмыстар бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруды, тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы жөнінде аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарына тапсырмалар жүктеді.

Облыстың құрметті ардагерлері баталарын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жиналыс соңында департамент бастығы Мұхтар Қожабаев аудан әкімдерін, ардагерлерді «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады.

Жиналыстан кейін Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау жүргізді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: