Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш айда – 52 млн теңге алимент

19.04.2023, 8:35 181

HALYQLINE.KZ

    Қазіргі таңда балалардың құқықтары бұзылып, алимент төлемей жүрген ата-аналар жеткілікті. Өкінішке қарай, алимент төлемей жүрген қашқын борышкерлер біздің аймағымызда да бар. Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы хабарлады.

    Ағымдағы жылдың басында 12457 өндіріс бойынша қарыз берешегі 379 млн теңгені құраған. Оның ішінде 907 өндіріс аяқталып, бүгінгі күнге 11 550 өндіріс орындалуда, берешек қарызы 244 млн теңгені құрап отыр, яғни 130,5 млн теңгеге қарыз сомасы төмендеген.

    Прокурорлармен жыл басынан 15 ұсыну енгізіліп, олардың нәтижесімен 66 борышкер әкімшілік, 14 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, 52,4 млн теңге өндіріліп, алимент төлеуден жалтарған 2 қаскөй борышкер ҚР ҚК-нің 139-бабымен сотталды.

    Мысалы, борышкер А. ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, күтіп бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін 3 айдан астам орындаудан жалтарып, өндіріп алушы Н-ға 697 500 теңге берешек қарызы қалыптасып, соттың шешімін қасақана орындамаған. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 07.03.2023 жылғы үкімімен ҚК-тің 139-бабында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін борышкер А. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Одан бөлек, прокурорлық ден қою актісінің нәтижесімен борышкерлерден тұрғын үйі, автокөлігі алынып, өндіріп алушылардың меншігіне табысталды.

    Осы тектес прокурорлардың атқарған шараларының ықпалымен алимент бойынша берешегі облыс көлемінде біршама азайғанын байқауға болады.

    Десек те, алимент өндіру санаты ерекше бақылаудан алынбай, осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, прокурорлармен қалыптасқан берешек қарыздарды азайтуға кешенді шаралар атқарылуда.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: