Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың бір-бірін кірпішпен ұрғаны видеоға түсіп қалды (Видео)

22.06.2022, 11:25 232

HALYQLINE.KZ 15 маусым күні түнгі сағат  02:00 шамасында  қала тұрғынын белгісіз екі азамат кірпішпен ұрып соғып жатқандығы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының  бейнебақылау камерасына түскен.

Дереу қала аумағында болып жатқан қылмыс туралы  патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар берілді. Жедел тергеу тобымен оқиға орнында  43 және 37 жастағы масаң күйдегі азаматтар ұсталды.

Қазіргі уақытта  аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2 бөлігі  (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Айта кетерлік жайт, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының  қызметкерлері жыл басынан  бейнекамералардың көмегімен  65 қылмыс ашты.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: