Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түзеу мекемесінде мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтті

18.01.2024, 16:40 116

Қызылорда облыстық Прокуратурасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлерімен бірлесе отырып, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар арасында шығармашылық кеш өтті.

Шығармашылық кештің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 142 өкімімен бекітілген ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру 2023-2025 жылдарға арналған жол картасының тармақтарын іске асыру мақсатында, Қылмыстық-атқару заңнамасының басты мақсаттары, әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың жаңа қылмыстық құқық бүзушылықтар жасауының алдын алу. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес, сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету – ҚР Қылмыстық-атқару заңнамасының міндеттері. Осы міндеттер аясында сотталған азаматтар арасында өмірге қайта бейімдеу мақсатында №37 түзеу мекемесінде түрлі шығармашылық кештер мен спорттық шаралар жиі ұйымдастырылуда.

Бүгінгі өткен жиынның басты қонақтары, Қызылорда облыстық прокуратурасының Үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Махмут Ахтанұлы, ҚР Мәдениет қайраткері ақын, режиссер, “Тұран” сыйлығының иегері Нұрмаханов Оңталап Дүйсенәліұлы, сондай-ақ, ҚР Мәдениет саласының үздігі, термеші, бірнеше дастандардың авторы жыршы Сәрсенбаева Майра Алшынбекқызы мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, “ҚР Еңбек Озаттары Кітабына” енген және бірнеше жетістіктер мен салтанатты марапаттаулардың иегері Бекенова Алтын Иманбайқызы қатысты.

Ең алдымен іс-шараны Қызылорда облыстық прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Махмут Ахтанұлы сөз сөйлеп, келген қонақтарға №37 мекемесінің тарихы мен түсінігінен қысқаша мағлұмат беріп шараны ашып берді. Әрі қарай, келген қонақтар өздері жайында және жеке шығармалары жайында түзеу мекемесінің жазасын өтеушілерге таныстырып өз өмір жолдары мен бөлісті. Сонымен қатар, шығармашылық көңіл күй сыйлау мақсатында термеші Сәрсенбаева Майра Алшынбекқызының жеке орындауында терме шырқады.

Жиын қорытындысында қонақтарға мекеме әкімшілігінің атынан арнайы алғыс білдіріп, сый-сияпаттар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: