Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төл мерекеде прокуратура қызметкерлері құрметке бөленді

07.12.2022, 10:10 257

HALYQLINE.KZ Кеше аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Нұрлан Бижанов прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде сала ардагерлері мен қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.Басқосуға құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаев елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалау және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде прокурорлардың еңбегі ерекше екенін тілге тиек етті.

«Қоғамға қызмет – уақыт шектеуіне бағынбайды. Бүгінде прокуратурадағы әрбір қызметкер Мемлекет басшысы айқындап берген маңызды міндеттерді мінсіз атқарып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Салада қызмет атқаратын әрбір азамат абыройлы міндеттің салмағын санамен, ауырлығымен армен, өлшемін өремен сезіне біліп, қоғамға қалтқысыз қызмет етуде,- деді Н.Нәлібаев.

Құттықтауда сөз алған облыс прокуроры Нұрлан Бижанов әріптестерін мерекемен құттықтап, биыл жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының маңыздылығы мен ерекшеліктерін атап өтті. Келер жылдан бастап прокуратура органдарының құзыреттері кеңейіп, жаңа жүйеде жұмыс істеуді бастайды.

Мерекелік басқосуда сала үздіктеріне төсбелгі тағылып, арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: