Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тігін цехындағы тындырымды тіршілік

14.04.2023, 14:45 188

Жазасын өтеушілерді мекеме қабырғасында еңбекке тарту белгілі бір кезеңде жүзеге асады. Жазасын өтеушілер еңбек ету арқылы мемлекетке, сот орындаушысына немесе жәбірленушіге берешегін өтеп, ал, ешқандай қарызы жоқ еңбек етуші жалақысының жартысын отбасына жіберіп, қалған бөлігін өз қажеттілігіне жұмсайды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында он төрт кәсіпкер кәсібін ашып, мерзімін өтеуші азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі – тігін цехы. Бұл кәсіпорында он сегіз жазасын өтеуші жұмысқа арналған арнайы киімдерді тігуде. Арнайы киімнің негізгі қызметі – қорғаныш. Сондықтан, қосымша қорғаныш қасиеттері бар материалды қолдану арқылы тұтынушының талабына сай жұмыс жүргізуде. Өзінің жеке талғамы бойынша тапсырыс бергісі келетіндер үшін тапсырыс беруші кәсіпорын иесіне өзінің қалауын жеткізіп, қандай мақсатта киетінін айтады. Кәсіпкер тапсырыс берушінің көкейіндегіні дөп басу үшін қоластындағы қызметкеріне киім үлгісін алдымен қағаз бетіне түсіртіп көрсетеді. Дайын болған үлгіге жан бітіру үшін мата мен өнімді таңдау жұмыстары басталады. Кейін құрастырушы жұмысын бастайды. Ол өзінің міндетіне байланысты өлшемдер алады. Киімнің өлшемін алу үшін тапсырыс беруші берген дене бітім өлшемдерін ескереді. Киім үлгісі белгілі болып өлшем алынған киім пішетін еңбек етушіге жіберіледі. Қолмен тігілсе, қолөнерімен айналысатын шеберлердің қолына тапсырылады. Барлық жұмыстар жүргізіліп болғаннан кейін дайын өнім тапсырыс берушінің қолына тапсырылады. Арнайы киім тігу әдісі қарапайым киім тігу әдісінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Алайда, аса жауапкершілікті талап етеді.

– Жеке кәсіпкерлік цехында тігінші болып еңбек етудемін. Тапсырыстардың түсуіне қарай арнайы киімдер тігеміз. Жалақымыз тындырған ісімізге байланысты тұрақты түрде төленеді. Зейнетақы қорының аударымдары жөнінде де осылай дей аламын. Мұндағы жұмысым өзіме ұнайды. Ұжым мен басшылық арасында түсіністік пен өзара келісім қалыптасқан, – деді жазасын өтеушілердің бірі.

Жұмыспен қамтып отқан кәсіпкер тапсырыстың көптігіне байланысты алдағы уақытта қызметкерлер санын арттыру жоспарда бар екенін айтып, қоластындағы қызметкерлерің еңбегіне ризашылығын білдірді.

Адина Жомартқызы,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: