Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторында полиция күніне орай салтанатты іс-шара өтті

23.06.2022, 17:00 96

Елімізде жыл сайын 23 маусым күні кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күні аталып өтіледі

1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң қабылдады. Ол қазақстандық полицияның міндеттері мен функцияларын анықтаған алғашқы құқықтық құжат болды.

2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілді.

Міне, осы мерекеге орай, ЗК-169/1 тергеу изоляторында салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында жеке құрам мен ерікті жалдамалы қызметкерлері, мемлекеттік әнұранды орындады.

Одан соң, жаңадан тағайындалған мекеме бастығы, әділет майоры Ілиясов Қайырбек Есентайұлы бірқатар қызметкерлер мен зейнет жасына жеткен қызметкер тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары болған,әділет майор Қаратаев Мұсабек Мәденханұлын арнайы марапаттап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мекеме бастығы өз сөзінде «Құрметті қонақтар, жеке құрам мен мекеме қызметкерлері. Сіздерді 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын.

Ішкі істерде қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктелген.

Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деген ізгі тілегін білдірді.

Іс-шараның салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін қызметкерлер мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: