Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тағы бір алаяқ әйел ұсталды

17.05.2022, 12:30 203

HALYQLINE.KZ

14 мамыр күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 19 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оның танысы 2021 жылдың желтоқсан айында банк арқылы атынан 1 миллион 300 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеп алған. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде  жәбірленуші полицияға жүгінген. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктелген 20 жастағы азаматша құрықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: