Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар тарихтан тағлым алды

31.05.2022, 13:30 522

HALYQLINE.KZ Елімізде 1997 жылдан бастап 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып аталып өтілуде. Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторында сотталғандарға отаншылдық тәрбие беру  мақсатында,  АКАӘПТБ-нің ұйымдастыруымен  «Тарихтан тағлым» тақырыбында іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында алдымен жасақ бастығығы, әділет аға лейтенанты Н.Ниязов шаруашылық бөліміне қалдырылғандарға қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары  және оның зардаптары туралы айтып берді.

КСРО республикаларында репрессия 1928 жылдан басталды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға «ұлтшыл» деген айып тағылды. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Қызылорда облысы бойынша 4 мың адам «халық жауының» қамытын киген деген тарихи деректерді келтірді.

Бұдан соң, мекеменің теолог маманы Р.Рузиевтің ұйымдастыруымен экстремизм және тероризм баптары бойынша сотталғандарға  «Қазақстандағы ұлттық автономиялар» деген тақырыптағы бейнеролик көрсетілді. Бұл бейнеролик арқылы қамаудағылар  (Алашорда үкіметі қашан құрылды? Алашордадағы жүйе жөнінде не білесің? Түркістан автономиясы қалай құрылды? Нәтижиесі қандай болды?) деген сұрақтарға жауап алды.

– Бейнеролик көре отырып, бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастауы Алашордалықтардың идеясынан бастау алғандығын түсіндім. Бұл отаншыл  азаматтар орда бұзар отыз жасында ел қамы үшін құрбан болғандар. Ал, мен болсам, өзімнің осында отырғанымды ойлап,қапа болдым. Бостандыққа шыққан соң, кіші Отаным – отбасыма, еліме адал қызмет етсем деген ойдамын, – деді ҚР ҚК-нің 256-бабымен соттталған азамат.

– Осындай іс-шараларды өте отырып,біз  сотталғандарға патриоттық тәрбие береміз. Олардың бойында заңға бағынушылық және отаншылдық сананы арттырып, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына жол саламыз, – дейді АКАӘПТЖБ-нің бастығы А.Тұрманов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: