Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар психолог кеңесіне жүгінді

01.03.2023, 18:00 270

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚАЖ департаментінің №60 мекемесі психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары сотталғандармен «Қарым-қатынас, өзара іс-қимыл және өзара түсіністік» тренингін өткізді.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың өз мінез-құлқын сырттан бағалай отырып, өзін басқалармен салыстыру және нақты жағдайларда қарым-қатынасын түзету.

– Тренинг барысында көптеген сотталушы жан дүниесіндегі сырымен бөлісіп, ішіндегі өшіп бара жатқан «махаббат, жылулық, адалдық» сезімдерінің бір ұшқыны болса да қалғанын айтты. Тіпті, көз жасына ерік бергендер де болды. Әрине, қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан жандарға ашылып сөйлесу үшін бұл тағы бір мүмкіндік. Өз ойларын ашық айтып, сергіту сәтінде өздерін еркін сезінгендері бізді де қуантады, – деді психолог Салтанат Сейілбек

Іс-шара барысында жазасын өтеуші азаматтарға «Мен кіммін?», «Жылыту», «Үш сөз» тренинг жаттығуларын ұйымдастырды. Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: