Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін қамауға алды

18.10.2022, 9:45 240

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған Б.-ның сотпен жүктелген міндеттерді орындамауына қатысты ісі Жаңақорған аудандық сотында қаралды.

Қайта қылмыс жасамауға ықпал ету мақсатында, онлайн түрде өткен сот отырысына Пробация қызметі есебінде тұрған басқа да сотталғандар қатыстырылды.

– Сотталған азамат Б. сот белгілеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу мерзімінде өзін теріс жағынан көрсетіп келді. Сонымен қатар ол, белгіленген күндері пробация қызметіне тіркелуге келмей және тексеру кезінде тұрғылықты мекенжайында болған жоқ. Одан бөлек, Пробация қызметін хабардар етпей, белгіленген әкімшілік аумақтық шегінен шығып, ішкілікке салынып ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 434-2 бөлігінің талаптарын бұзып әкімшілік құқықбұзушыларды жасаған, – дейді Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Анарбек Батырбекұлы.

Сотталған азаматтың жоғарыда аталған заңбұзушылықтарына сәйкес, Жаңақорған аудандық пробация қызметімен оған қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыным жолданған.

Сот шешімімен, сотталған Б.-ның өтеу шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: