Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда

30.03.2023, 16:35 150

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш халыққа қызмет көрсетудің барлық орталықтарында, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қабылданады.

Заңдастырудың негізгі критерийлеріне көлік құралының сәйкестігін ақпараттық жүйелер бойынша тексеру процесі толық автоматтандырылған.

Шетелдік көліктерді заңдастыру нәтижелері бойынша Қызылорда облысында 5191 автокөлік тіркелген. Бүгінгі таңда ең көп тіркелген Ресейден әкелінген көліктер, жалпы саны 4470-ті құрап отыр. Ал Армениядан – 540, Қырғызстаннан – 104, Грузиядан – 75, БАӘ-ден – 1 және Белоруссиядан бір көліктен әкелінген. 

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру процесі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: