Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Режим бөлімінің бір күндік жұмысы

22.02.2023, 17:00 290

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің режим бөлімі өз жұмысын күнделікті 08:00 де бастайды. Бірі мекемеге келушілерді жіті тексерсе, бірі әйел адамдарды арнайы бөлімге кіргізіп, тыйым салынған заттардың мекеменің ішкі аумағына кіргізудің алдын алу мақсатында тексеріс жұмысын жүргізеді. Қызметкерлердің басты міндеті – мекемеге тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтіп кетуінің алдын алып қадағалау.

Мекемеге келген әрбір қызметкер тексеруден өтіп, ұялы телефондарын арнайы жәшікке тапсырады. Сондай-ақ, бас бостандығынан айырылғандардың ұзақ-қысқа мерзімді кездесуге келген ата-аналарын, туған-туыстарын, олардың әкелген азық-түлік, киім-кешектерінің барлығы да тексеруден өтеді.

– Консервленген банкілерді, сұйық тағамдарды арнайы темір немесе ағаш таяқшалармен, ұнтақ шәй, қант, т.б. ұсақ заттардың түрін, түсін, иісін ашып тексеріп барып кіргізеді. Әр кездесуге келуші өзімен тек 20 кг зат кіргізе алады. Белгіленген мөлшерден асқан жағдайда кіргізуге рұқсат етілмейді. Тыйым салынған зат табылған жағдайда мекеме басшылығына баяндалып, тиісті шара қолданылады, – дейді режим бөлімінің капитаны Мұрат Қазбеков.

Расында, бұл бөлімнің атқаратын жұмысы мекеменің ішкі тәртібі үшін аса маңызды. Сондықтан да, бұл мекеменің әрбір қызметкері өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: